Первый Специализированный-Республиканский информационный Агро Вестник «СЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВО КАЗАХСТАНА», тел. 8(7252) 53-69-45, моб. 8 747 881 81 97 / 8 701 275 10 25 E-mail: agrovestnik.kz@mail.ru


АУЫЛДЫҢ ФЕРМЕРІ НӘБИХАН АТА

Опубликовано в Жаңалықтар Пятница, 16 Август 2013 16:20
Оцените материал
(0 голосов)

Елбасының Үкімет алдына қойған міндеттерінің бірі - еліміздің ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту. Сондықтан да, диқандардың еңбек өнімділігін 2014 жылы 2 есеге, 2020 жылға қарай 4 есеге өсіру көзделуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі мақта дақылдарын өсіретін бірден-бір өлке.

 Нәбихан ата 1999 жылдың наурыз айынан бастап, Еркін Аббасов атындағы өндірістік кооперативін түзіп, 15 кісілік топпен жұмыс бастады.

 Е. Аббасов атындағы кооператив жұмысшылары сол жылы "Яссы - Түркістан" мақта зауытымен келісім шарт тузіп, мақтаны сол зауытқа тапсырды. 2000 жылы "Яссы - Түркістан" мақта зауытының бастығы Бауыржан Сағдиев Нәбихан атаны "Нексия" көлігімен марапаттады.

1999 жылдан бастап осы күнге дейін "Яссы-Групп" пен келісім шарт түзіп, мақта өнімін Түркістан мақта тазалау зауытына тапсырып келуде.

 2004 жылы диқандардың сыбаға жерлері 50 жылға жалға берілуі себепті, әрбір шаруа қожалығы бөлек жер салығына есепке тұрып, бөлек куәлік алуға тиіс болды. Жер салығы комитетінің бұйрығымен Е. Аббасов өндірістік кооперативін жауып ұжым таратылды, сол жылдың өзінде "Нәбихан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (ТОО) түзіп Нәбихан ата жұмысын әрі қарай жалғастырды.

 «Байлықтың атасы - еңбек, анасы – жер» деп бекер айтпаған дана халқымыз. Еңбекқор атамыз тек мақта егумен шектеліп қалмады, бидай, жоңышқа егу жұмыстарын жолға қойды.

 2005 жылы Нәбихан атаның ауыспалы егіс жүйесінің нәтижесінде бидай жинауда облыс бойынша чемпион атанып, облыс әкімі Сапарбаев тарапынан мақтау грамотасы және теледидармен марапатталды.

 Мақта тапсыру бойынша Н. Мубараков «Жигули» көлігі, бидай оратын комбайн және жоңышқа ұрығын ажырастыратын «Петкус К-590» маркалық аппаратпен (мини зауыт), облыс әкімшілігі тарапынан 2005 жылы Қазақстан Конституциясының 10 жылдығы медалімен мадақталды.

 Мақтаны ауыспалы егу істері қолға алынбағандықтан, мақтаға берілетін минерал және жергілікті тыңайтқыштардың өз уақтысында берілмегендықтан мақта өнімінің төмендеп кетті.

 Кейінгі 7-8 жылда «Арыс-Түркістан» каналы арқылы келетін су маусым айының 1-5 жұлдызында таусылып қалады. Бұл мақтаның 8-10 центнер өнімін жоғалтуға өз әсерін тигізеді. Жоғарыдағы себептерге байланысты мақтадан келетін пайда оның шығынын ақтай алмайды. Мақтаның бағасы тұрақты емес, базарда өте төмен бағада қабылдануда.

 Өткен 2012 жылы мақта бағасы 1 келісі 75 теңгеден басталып, соңы 60 теңгеге түсті. Сондықтан да енді мақта егілетін танаптар саны мулдем азайып кетті.

 Бүгінгі таңда ауылда еш бір шаруа қожалығы ұрықшылықпен айналыспайды. Қожалықтар әр жылға зауытқа өткізген мақтасының ұрығын ажыратып, оны қайтадан диқанға сатуда.

 Мемлекет тарапынан диқандарға арзан бағада жанармай және селитра беріледі, бірақ диқандар қаржы болмағандықтан уақтысында оларға қол жеткізе алмайды. Мемлекет тарапынан тек қана селитра емес, әр түрлі минерал тыңайтқыштар, химикаттар және басқада дәрі лерді арзан бағада босату қәжет.

1993 жылы Иқан тұрғындарына әр бір адамға 0,8 га есебінде жер үлес берілген. Сол кезде ауыл территориясында 9500 га егіндік жер болатын. Арада 20 жыл өтіп, ауыл тұрғындарының саны 1,5 есеге көбейді, бірақ суармалы жердің бары сол ғана.

 Жас отбасылар тұралы айта кетсек, олар күн көрудің қиындығынан отбасын асырау үшін басқа қалаларға кетіп қалуда. Ауылымызда жаңадан ашылып жатқан жұмыс орындары жоқ.

Мақтаның бағасы ең кем дегенде 120 теңгеден кем болмауға тиіс. Мақтаның бағасы 100 теңгеден кем болса Иқан ауылында мүлдем мақта егеілмеуі мүмкін. Қәзіргі таңда ауылда мақтаға қарағанда бидай, жүгері, жоңышқа егіп мал бағатын болса сонның өзі тиімді болып тұр.

 Айсултан АБДУАХАПҚЫЗЫ,

 Ескі Иқан ауылы

Прочитано 3418 раз Последнее изменение Воскресенье, 18 Август 2013 17:40
                 © Копирование информации разрешено с разрешения владельца сайта,
или с указанием активной гиперссылки на наш сайт, как на первоисточник информации