Первый Специализированный-Республиканский информационный Агро Вестник «СЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВО КАЗАХСТАНА», тел. 8(7252) 53-69-45, моб. 8 747 881 81 97 / 8 701 275 10 25 E-mail: agrovestnik.kz@mail.ru


«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы»

Опубликовано в Жаңалықтар Пятница, 16 Август 2013 16:14
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы №221 қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы:

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы №221 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдардың тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдары бойынша көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн отырғызуға және өсiруге жұмсалған шығындардың құнын iшiнара өтеуге арналған субсидиялар нормалары;

4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес мақта талшығы мен шитті мақтаның бір сынамасының сапасын сараптама жасаудың құны белгіленсін.

2. Мыналар:

субсидияланатын тыңайтқыштар мен гербицидтердің түрлері және субсидиялар нормалары:

осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес отандық тыңайтқыш өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың  1 тоннасына (литріне, килограмына);

осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) тікелей шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына);

осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес гербицид жеткізушілерден сатып алған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) белгіленсін.

         3. Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 31 мамырдағы №152 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы №221 қаулысын іске асыру шаралары туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2077 нөмірімен тіркелген, 2012 жылы 23 маусымда  «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

         5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.

Облыс әкімі А.Мырзахметов

Прочитано 4081 раз Последнее изменение Воскресенье, 18 Август 2013 17:42
                 © Копирование информации разрешено с разрешения владельца сайта,
или с указанием активной гиперссылки на наш сайт, как на первоисточник информации